№25 Б.Момышұлы атындағы орта мектеп білім ордасының 30 жылдығы
23 желтоқсан күні Жалпы білім беретін №25 Б.Момышұлы атындағы орта мектепте білім ордасының 30 жылдығына орай мерекелік кеш ұйымдастырылды. Аталған шара “Қазақтың қарапайым бір ұлымын” деп өткен халық қаһарманы рухы биік, бір туар тұлға Б.Момышұлының туған күнімен тұспа тұс келді. Мерекелік шараға мектептің ардагер ұстаздары, ең алғашқы мектеп түлектері, қалалық білім бөлімінен қонақтар, мектеп басшылары, мектептің ашылған жылдарындағы еңбек еткен ұстаздар құрметті қонақ болып келді.
Мектеп мұғалімдерінен құралған хордың орындауында “Ұстазым” әні өте жоғары деңгейде орындалып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Кештің екінші бөлімі қонақтарға арналған мерекелік дастарханға жалғасты.












