“Ауғанның от жалыны” атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші
12 ақпанда мектепте “Ауғанның от жалыны” атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кеш мақсаты ауған оқиғасының тарихи- мағыналық ақиқатын ашу, бейбітшілік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.
Кездесу кешіне ауған соғыс ардагерлері, интернационалист жауынгерлер: Мұрат Шамильұлы, Рашид Басепұлы, Марат Сәрсекенұлы, Ерболат Қылышбайұлы қатысып, өздерінің басынан өткен оқиғаларымен бөлісті. Кеш барысында “От кешкен Ауғанстан ардагерлері” тақырыбында слайдтар мен видеолар көрсетіліп, олар туралы деректемелер айтылды. Кеш соңында ел абыройын қорғаған ағаларымыздың ерлігін ұрпаққа үлгі ету мақсатында мектеп оқушылары мен кеш қонақтары автомат жинап, шашудан сынға түсті. Тәрбиелік шараға қатысқан интернационалист жауынгер ағаларымызға мектеп атынан сыйлықтар табыс етілді.








