«Бірлік болмай тірлік болмас»
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген ата-бабамыз. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күніне орай мектепте кеш болып өтті.
Мектепте 4 мамыр күні 9 мамыр “Ұлы Жеңіс” күніне орай “Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы жеңіс” атты кеш өтті. Кеш қонақтары ретінде тыл еңбеккері Рахметов Саясат, облыстық білім беру басқармасының Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы алғашқы әскери дайындық кабинетінің әдіскері Серік Салихұлы, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері мен әскерден оралған мектеп түлектері қатысты. Мектеп оқушылары соғыс кезіндегі оқиғалардан көріністер қойып, слайдтар көрсетіп, би билеп, ән шырқады.














