“Менің әкем…” отбасылық сайысы
09 ақпан күні “Менің әкем…” отбасылық сайысы ұйымдастырылды. Сайыс мақсаты әкесі мен ұл балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту. Әкелердің мектеппен, мұғаліммен, басқа ата-анамен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру. Отбасындағы әке орнын көрсетіп, әке мен ер азамат ұғымының мәнін түсіндіру.
Сайысқа барлық әке мен балалар қызыға қатысып, қорытынды бойынша “Өнерлі әке мен ұл” атағын 7 б сынып оқушысы Төрехан әкесі Асланбекпен, “Білімді әке мен ұл” атағын 6 ә сынып оқушысы Ералы әкесі Мақсатпен, “Өнегелі әке мен ұл” атағын 6 а сынып оқушысы Алихан әкесі Қуанышпен, “Тапқыр әке мен ұл” атағын 5 б сынып оқушысы Бекнұр ағасы Қайсармен бірге марапатталды. Барша қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.































