“Қыз еркем, анасымен көркем”

03.03.2018 жылы “Қыз еркем, анасымен көркем” атты Ақсай ауылдық округіне қарасты Ақсай селосындағы №25 Б.Момышұлы атындағы орта мектеп және Ақжар селосындағы № 26 С.Датов атындағы орта мектептің ұстаз аналары және қыз балаларының қатысуымен сайыс ұйымдастырылды.

Мақсаты ата-аналар мен қыз балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту. Жанұядағы ана мен қызы арасындағы қарым-қатынасты нығайту, аналарына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Сайыс 5 бөлімнен құралып, қорытынды бойынша сайыскерлерге дипломдар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді. Атап айтсақ, “Білімді отбасы”, “Өнегелі отбасы” , “Алтын діңгекті отбасы” деген атақтар берілді. Кеш соңында мектеп тәлімгері Жұмалиева Гаухар барша аналардың құрметіне “Әйел бақыты” әнін тамылжыта орындады.

 


Жарияланды: 03.03.201810:30

Автор: